Бала жүрегі күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімдердің қасында әр кезде кілті жүруі керек.  М Шаханов


 

Құрылған жылы: 2008 жыл
Мекен жайы:  Түпқараған ауданы
Ақшұқыр селосы
Нұрбаев көшесі


 

Түпқараған ауданы , Ақшұқыр ауылындағы

«Жауқазын» балабақшасы 2008 жылы ашылды.

Балабақша жоспар бойынша 100 орындық.

Балабақшада 4топ, әмбебап залы, информатика, әдіскер,психолог,мейірбике,өзін-өзі тану кабинеттері бар.

Балабақшада мектепке дейінгі 2-6 жас аралығындағы100 бала тәрбиеленеді.

Олар төмендегідей топтарға бөлінген; 

             

 

 

 

 

 

Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын  қазақ тілінде жүргізеді.

(ҚР БҒМ 2016жылғы 22 маусымдағы  №391 бұйрығы)

Мұғалім, тәрбиеші мамандар саны – 18.

Балабақша  оқу-құрал жабдықтармен, әдістемелік нұсқаулықтармен жабдықталған.

Балабақша ауласы көкалдандырылған, гүлдер отырғызылған.

Балабақша жарықтандырылған.

Балабақша табиғи газбен жағылатын жылумен қамтылған

 


 

 

Жауқазын» балабақшасының

2020-2021 оқу жылына қойылған  мақсаты:

Жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау жолымен мектепке дейінгі ұйымның қызмет бағытын және педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

                           


 

Міндеттері:

                            

  1. Балабақшада денсаулық технологиясы негізінде балалардың дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдайлар туғызу.

 

  1. Жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы балалардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру.

 

  1. Балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баули отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру.

 

«Жауқазын» балабақшасында балаларды

кешенді дамыту мақсатын жүзеге асыру үшін

толық  жағдай жасалған.


 

Біздің мекен жайымыз