2020-2021 оқу жылында ата-аналармен жұмыс.

    
         «Жауқазын» балабақшасы балабақша мен отбасы арасындағы байланысты нығайту және  ата-аналардың балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту процесіне белсене қатысуына жағдай жасап, бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды. 
    «Балдәурен» ересектер тобында «Мен балам үшін не істей аламын!» атты тренинг, «Отбасы – тәрбие бастауы» атты кеңес өткізілді.
    «Балдәурен» ересектер және «Балдырған» ортаңғы топтарында «Тәй-тәй» технологиясы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтеріне ата-аналар белсенділікпен қатысып, балабақша педагогтері мен ата-аналардың арасында қатынастың дәстүрлі емес түрлері қолданылуда.
    Ата-аналар өз балаларын басқа жаңа жағдайда көріп, жақсырақ біледі, педагогтермен жақсы араласады. Ата-аналармен жұмыста ақпараттық – коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданылады.
    «Балдырған» тобында «Балам менің бақытым» атты тренинг, «Тәрбиешіге балаңызды қалаай сеніп тапсырасыз?» атты психологиялық тест өткізілді.
    Балабақшада ұйымдастырылған «Сиқырлы күз» ертеңгілігіне ата-аналар белсене қатысып, балаларға түрлі  костюмдер дайындауға, сурет көрмесін ұйымдастыруға атсалысты. 
    Балабақшаның  ата-аналар бұрышында «Ата-аналарға арналған 10 кеңес» атты жылжымалы папка шығарылды


«Жауқазын» б/б әдіскері:    З.Исатаева

 

 

«Тәй - тәй» жаңа инновациялық технологиясы бойынша ата – аналармен біріккен  іс-тәжірибе

 

                                            

Тек қана ата - аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.

 

В.А.Сухомлинский

 

 

Бүгінгі бала - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бүлдіршіндерге ең алғаш жол көрсетуші,бағыт беруші мына біз - тәрбиешілер. Өйткені, білім мен тәрбие негізі  осы балабақшада қаланады.

Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді.

Балабақшада тәрбиеші жас ұрпақты жан - жақты дамытып тәрбие беру,оны өмірге, еңбекке даярлауда педагогикалық білімді көпшілік арасында насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады. Тәрбиеші балалардың күнделікті оқу – тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Сондай - ақ,балалардың жақын досы болуы керек. Ал, еркелеткенде сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет және өз талабына ұқыпты болуы керек.

Баланы тәрбиелеу, дамыту мен білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы өзара тығыз байланыста болуы керек."Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, бала тәрбиелеуде іске асырушылар - балабақша мен отбасы. 

Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен балабақшаның жаңа қарым - қатынасын талап етеді. Ата – аналарды  педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат –міндеттерін түсінуне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз.  Ата – аналардың өз балаларының  балабақшадағы өмірін, қалай өсіп, жетілетіндігін интеллектуалдың жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал.

Ата – ана мен балабақша атқаратын істер арқылы болады да,бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан олардың қарым – қатынасы бірін – бірі толықтыруы, бір – бірімен түсінуі, бір - бірінің бағытында құрылуы тиіс.

Біз балабақшамызда  «Тәй-тәй» технологиясы мен әдістемелерді оқу қызметтерінде қолдануда тиімділігін байқадық.  «Тәй-тәй» технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру. Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу қызметтерімізге  ата- аналар белсенді қатысады. Мектепке дейінгі мекеменің дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу – оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік бере отыра, ата – аналарға осы «Тәй - тәй» технологиясының бір орталығына отырып, балалармен жұмыс жасауды дұрыс дей келе, ата – аналармен әңгімелесіп, олардың алған әсерлерімен бөлісе отырып, туындаған сұрақтарға жауап бердім. Ата-аналар жалпы орталықтарға отырып, оқу қызметіне қатысып, өткізілген әртүрлі тақырыпқа сай жетекшілік етеді. Алдын ала дайындық жұмыстарын  жүргізіліп оқу қызметіне керекті құралдар мен жабдықтарды көмектесетіп, ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргіземін. Әр  орталықта балалардың қабылдауын,көрнекі-бейнелі ойлауын,зейінін дамытуға,дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру,ұсақ саусақ қозғалыстарын,ептіліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейміз.

Атап айтар болсам, көркем құрастыру  ұйымдастырылған оқу қызметінде  «Балабақша» атты тақырыбында   Құрмашева Жұмагүл атты ата-ана мен балалар бірлесе ұжыммен балабақшамызды түрлі гүлдермен безендіріп жасады.Оқу қызметі  сәті шықты.Балаларға қуанышты көңіл күй сыйлады. Сондай ақ,  Тогисова Гүлзада балалармен бірге жұмыс жасаудың өзі бір бақыт екенін жасыра алмай,  қуанышымен бөліскен болатын. Балаларға қуыршақ театры арқылы ертегіні тамашалады.Бала тілі бал демекші, балалар түрлі сұрақтар қойып, Гүлзаданы қуанышқа бөлегенін жасырмады.

Сондықтан, «Тәй-тәй» технологиясы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектессе, ал біз балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланамыз. Мұнда ата-аналардың қатысы қандай түрде болмасын қолдау тауып, олар балаларының жақсы жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары туралы мәліметтер бере алады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне және әріптестік қарым-қатынас орнату үшін бірлесе күш жұмсауында.

Елбасымыздың халқына Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға тиістіміз және оларды қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» - деген сөзін басшылыққа ала отырып, балабақшамызда ата – аналардың қатысуымен ұлттық  тәрбие оқу қызметін жүргіздім. Мұндай оқу қызметінде ата – анамен балалардың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады.

Ата – аналарды оқу қызметке тарту, тәрбиеші жеке басына қызметпен, сенімменқарауға итермелейді.

Осы баяндамамды аяқтай келе, Ғ.Мұстафиннің «Балаға сіңірген ата - ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайы, ол өле өлгенше суынбайтын махаббат» делінген. Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ.

Ата - аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастықпен бірлескен жұмысы жан- жақты болса ғана жемісті болады.