Жауқазын» балабақшасының директоры

Мәнет Шырақбай Теңелбайқызы

туралы жеке деректер мен еңбек жолы туралы ақпарат.

 

Шырақбай Мәнет Теңелбайқызы 1967 жылы 24 қаңтарда Форт-Шевченко қаласының Аташ ауылында дүниеге келген. Атырау мәдени-ағарту училищесін, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін және Батыс Қазақстан гуманитарлық университеттерін тәмамдаған. «Мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы», «Қазақ тілі және  әдебиеті» пәнінің және «мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» мұғалімі деген қос бірдей дипломды иеленді. Алғаш еңбек жолын 1984 жылы «МБТФ» басқармасында әдіскер ретінде бастады. Мұнан соң, 1993-1997 жылдары қалалық радионың редакторы, 1997-1999 жылдары аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жұмыс жасаған. Еткен еңбек еленіп аудандық жастар ісі және туризм бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Содан соң, 2000-2007 жылдары Ақшұқыр мәдениет үйінің директоры болып қызмет етті. Кейін, 2007-2009 жылдары Маңғыстау облыстық ғылыми-мәдени әдістемелік орталығының директоры,  2009 жылы «Жауқазын»  балабақшасының директоры лауазымына лайықты деп танылды. Содан бері аталған мекемеде басшылық қызметте.

Шырақбай Мәнет Теңелбайқызы 2009 жылдың шілде айында «Жауқазын» балабақшасында қызметке келуі, бұрыннан да басшылық қызметте қай істі қолына алса да дөңгелете жөнелетін кәсіби шеберлігі, мәдениет, спорт, журналистика салаларында жауапты қызметтерді атқаруы үлкен көмек болды. Әсіресе шәкірт  тәрбиелеуді жете түсінетін Мәнет Теңелбайқызы 9 жасында Республикалық «Тазша бала» байқауында «ГранПри» жеңіп алған Мөңке Сұңғат шәкіртісияқты, «Жауқазын» балабақшасынанда өнерге көзінің жылты бар бүлдіршіндерді тани білді. Төрт жасар Бекқұл Мирас болса ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілген республикалық «Қазақстан ортақ үйіміз!» балалар шығармашылық фестивалінде «Тазша бала» моноголымен жүлделі ІІ орын, бес жасар Балғабай Аягүл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «Жұлдызды талант» атты Халықаралық өнер фестивалінде ән салудан Бас жүлде, Абылайұлы Әлихан көркемсөз оқу бойынша Бас жүлде иеленді. Біз іскерлік қатынасқа да ерекше зейін бөлеміз. Мәнет Теңелбайқызының мектеп жасынан даярлаған шәкірттері Республикалық байқаулардың жеңімпаздары - әнші Ербол Құлтумаев Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияда, әзіл – сықақ оқу шебері  Сұңғат Мөңке Жүргенов атындағы өнер академиясының актер бөлімінде оқиды.

Қай нәрсе болмасын сыртқы келбеті көп жайды аңғартады.Сондықтан, кіре берісінен  - ақ, балабақша мәдениетінің , тұрмыс ырғағының ілебі есетіндігін, ішкі – сыртқы безендіруді, олардың бірін – бірі толықтырып, өзара мағыналық , бояулық жағынан үйлесім табуын басты назарда ұстайтын басшы аудан басшыларының көмегіне сүйене отырып,  «АДЖИП» компаниясымен  іскерлік байланыс нәтижесінде 11 түрлі сыртқы ойын құралдарын орнаттырып, дыбыс күшейткіш аппаратура жиынтығына және  «Газель» автокөлігіне қол жеткізді.

Балабақшада өткізілетін әрбір оқу іс - әрекеті шығармашылық ізденіспен, бүгінгі күннің талап деңгейіне сай ұйымдастырылып өткізілуіне жауапкершілік бірінші кезекте тұрғаны белгілі. Өткен  2011 – 2012 оқу жылында «Жауқазын» балабақшасының «Білім ұясы: мектепке дейінгі білім беру мекемесі - 2011» байқауында ауданда 1 – орын, облыста 2 орын және балабақшаның тәрбиешісі Досумова Элеонораның облыстық «Білім ұясы: мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік педагогы - 2011» байқауында 1 – орынды,  Түпқараған ауданы мектепке дейінгі мекемелердің әртүрлі іс шараларға қатысу  рейтингісінің қорытындысында  «Жауқазын» балабақшасы ұжымы 1 – дәрежелі дипломды  иеленулері және  облыстық тамыз маслихатында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Жаңашылдық - 2012» номинациясымен марапатталуы Мәнет Теңелбайқызының талап қойғыш және өз ісін шебер ұйымдастырушысы екендігін дәлелдейді.

Мекеме басшысы ретінде мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету барысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында  қызметке 8 маманды қабылдап, қызметкерлердің 4-нің тұрғын үй алуына қол жеткізді.  Өзі де осы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қызметке келген.

Балабақша ұжымын Республикалық ақпарат беттерінде көрсетуде Мәнет Шырақбайдың іскерлігі аудан көлемінде жеке дараланды. 2012 жылдың сәуір айындағы №  2 ші «Отбасы балабақша», «Мектепке дейінгі тәрбие» журналдарына Мәнет Теңелбайқызының «Бала тәрбиесіне педагогикалық ықпалдың әсері» мақаласы,  би  пәні мұғалімі Өсербаева Жемістің, сурет пәні мұғалімі  Тәжібай Айнұрдың, тәрбиешілер Абилхасова Айжан мен Досумова Элеонора, Сағындық Гүлназ,   Нұрболатова Гүлрайханның оқу іс - әрекеттері және балабақаша балдырғандарының тыныс тіршіліктерінен сурет топтамалары жарық көрді.

Мәнет Теңелбайқызы облыстық, республикалық өнер байқауларынан алған әртүрлі дәрежедегі  дипломдарымен қатар   ҚР Президентінің «Құрмет грамотасы» және ҚР  Мәдениет министрінің «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері, 2011 жылы Түпқараған ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған.

Мәнет Теңелбайқызы - әр ісін жаңашылдықтың биігінен көрсететін, өз ісінің шебер ұйымдастырушысы, мектепке дейінгі тәрбиедегі тәжірибесін шындап, үлкен биіктерден көрінетін жас ұрпақты тәрбиелеуші ұлағатты ұстаз.

Біздің ұжым – берекесі мен бірлігі ұйысқан үлкен бір отбасы дер едім. Мұнда нағыз өз саласының үздіктері жиылған. Жас мамандар аға буын өкілдерінен тәлім алса, зерек ұстаздарымыз ізденістерін тоқтатпай түрлі сайыстарда үздік атануда. Мысалға, балабақша тәрбиешісі Досумова Элеонора облыстық «Білім ұясы: мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік педагогы – 2011» байқауында І орынды қанжығаласа, тәрбиеші Ходжа-Ахмедова Нұргүл аудандық, облыстық «Үздік педагог-2015» байқауларында «Бас жүлдемен» оралған болатын. Сүттей ұйыған ұжымның берекелі ісінің нәтижесі ретінде балабақшамыз «Білім ұясы: мектепке дейінгі білім беру мекемесі - 2011» байқауында ауданда І орын, облыста ІІ орын иемденсе, Түпқараған ауданы мектепке дейінгі мекемелердің әртүрлі іс шараларға қатысу рейтингісінің қорытындысында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал облыстық тамыз кеңесінің қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасы біздің мекемені «Жаңашылдық-2012» аталымына лайықты деп шешті. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қызметке 8 маманды қабылдап, қызметкерлердің 4-нің тұрғын үй алуына қол жеткіздік. Мұның барлығы мамандарға деген әлеуметтік қолдау көрсетуіміздің бір дәлелі. Болашақта да педагогтардың біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндіктер жасап, барынша қолдау көрсетуге даярмыз.