Жауқазын» балабақшасының 2016-2017 оқу жылындағы жетістіктері:
28.03.2017, 23:00

Облыстық байқаулар:
1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Ұлы дала ұрпақтары»респурликалық балалар шығармашылық фестивалінде
1. Іорын «Қолөнер шебері»номинациясының жүлдегері Саламат Аяжан;
Аудандық байқаулар:
І.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген,Елі сүйген Елбасы» атты аудандық байқауы бойынша:
ІІ дәрежелі диплом мәнерлеп оқу байқауы бойынша Шектібай Сұлтан;
ІІ дәрежелі диплом мәнерлеп оқу байқауы бойынша Насиполла Аяжан;
ІІІ дәрежелі диплом мәнерлеп оқу байқауы бойынша Оңболсын Ұлжан;

ІІ.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Ұлы дала ұрпақтары»респурликалық балалар шығармашылық фестивалінде
1.Бас жүлде «Үздік қойылым» номинациясы бойынша «Жауқазын» балабақшасының тобы;
2. І дәрежелі диплом «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Саламат Аяжан;
3.ІІдәрежелі диплом «Жезтаңдай әнші»номинациясы бойынша
Насиполла Аяжан
4.ІІдәрежелі диплом «Көркем сөз шебері»номинациясы бойынша
Жұбаныш Біләлі;
5.ІІІ дәрежелі диплом «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша
Жангірхан Ақкүміс;
6. ІІдәрежелі диплом «Қол өнер шебері»номинациясы бойынша
Темірхан Малика;
Марапаттаулар:
1.2017 жыл 8наурыз -Шырақбай Манет облыстық НұрОтан партиясының Алғыс хаты
2.2017 жыл –Досумова Элеонора Түпқараған ауданы әкімінің Алғыс хаты

 

 

 

«Жауқазын»  балабақшасының  2016 жылғы оқыту және тәрбиелеудегі жұмыстарының есебі
Балабақшаның жаңа оқу жылындағы міндеттерін жүзеге асыру бағытында педагогтермен жеке, топтық кеңестер, ата-аналарға арналған жиналыстар, әр түрлі байқаулар, ашық оқу қызметтері өткізілді.Балабақшамыздың оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары жаңарып, әр баланың дамуы, жетілуі оқу қызметтерінде байқалды.
Биылғы 2016 – 2017 оқу жылында ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2016 жылғы №391 бұйрығымен бекітілген балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары бойынша оқу қызметтерінің кестесі жасалып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сай  жылдық жоспарлар бекітілді.
Тәрбие мен оқытудың инновациялық технологияларын ендіру негізінде білім беру процесін жаңғырту бағытында балабақшаның ересектер мен ортаңғы топтарында «Тәй - тәй» технологиясы бойынша «Ғылым», «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», «Математика», «Өнер», «Ойын» орталықтарында оқу қызметтері өткізіледі.
Балабақша педагогтері жыл сайын біліктіліктерін арттырып отырады, 2016 жылы 6 педагог түрлі бағытта сертификаттар алды.
 Тәрбиелеу – білім беру процесіне ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлылығын іске асыру, балабақша қызметіне ата- аналарды қатыстыру жұмыстары жолға қойылды.
Танымдық әрекеттерді қалыптастыруда бес  білім беру саласы – «Денсаулық», «Қатынас», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта» бойынша кіріктірілген тәсілдер қолданылады.
Балалардың жас ерекшелігіне қарай даму мониторингі жасалады.
Балабақшада бүлдіршіндердің денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын күнделікті өмірде қалыптастыруға, оқыту – тәрбиелеу жұмыстарында әр баланың психологиялық ерекшеліктеріне көңіл бөлінуде.Топтарда дене шынықтыру оқу қызметтері, ертеңгілік жаттығулар, ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары,спорттық жарыстар, ойын –сауықтар жоспар бойынша ұйымдастырылады.
Балаларға экологиялық тәрбие беру жас кезінен басталады. Әр топ табиғат аясына серуенге шығып, ағаштар, гүлдер, құрт –құмырсқалар, өсімдіктер, жануарлармен танысып, табиғат аясында еңбек етіп, құм мен сумен ойнап, түрлі тәжірибелер жасайды.Балаларды шығармашылық – эстетикалық тәрбиелеуге , бала бойында эстетикалық эмоциялар мен сезімдерді дамытуға, музыка, ән , би, бейнелеу өнері салаларына ерекше мән беріліп, олардың жүзеге асырылуы үшін барлық жағдай жасалған. Вариативті компонент сабақтарына би, эстетика және компьютерлерді қолдану арқылы өткізілетін ойын сабақтары алынған.
Балабақша ұжымы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған «Табиғатпен үндес балабақша» байқауында аудан бойынша І орын, облыста ІІ орынды иеленіп ақшалай сыйлық алды.
Балабақшада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  мерекесінің 25 жылдығына орай «Біз өз Отанымыздың-патриоттарымыз» атты ертеңгіліктер, «Тәуелсіздік және Елбасы», «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» тақырыбында ашық оқу қызметтері, ұлттық ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Инклюзивті білім беру бойынша мүмкіндігі шектеулі бір бала тәрбиеленеді және басқа балалармен бірге білім алады, оған толық жағдай жасалған.
2016 жылы желтоқсан айында «Жауқазын» балабақшасы мемлекеттік аттестаттаудан «жақсы» деген бағамен өтті.
«Жауқазын» балабақшасының,  бүлдіршіндерінің, педагогтерінің
2016 жылғы  жетістіктері төмендегідей:

Халықаралық байқау
«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі

         Балғабай Аягүл- Ән салудан  «Бас жүлде»  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «Жұлдызды   талант» атты өнер фестивалінде  4-5 маусым 2016жыл Атырау қаласы
Оразғұл Мерей Қуанбекқызы - Сурет салудан «Бас жүлде»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «Жұлдызды талант» атты өнер фестивалі  4-5 маусым 2016жыл
Абылайұлы Алихан – Көркем сөз оқу бойынша «Бас жүлде»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «Жұлдызды талант» атты өнер фестивалі 4-5 маусым 2016жыл
«Жауқазын» балабақшасы «ТАБИҒАТПЕН  ҮНДЕС БАЛАБАҚША!» байқауында аудан бойынша І орын, облыс бойынша ІІ орынды иеленді (2016 жыл қараша айында)


Аудандық «Үздік қойылым» номинациясы бойынша
«Жауқазын» балабақша ұжымы Бас жүлде «Ұлы дала ұрпақтары» аудандық (сырттай) балалар  шығармашылық фестивалі
«Жез таңдай әнші» номинациясы бойынша Насиполла Аяжан ІІ орын
«Қол өнері шебері» сурет салу Саламат Аяжан І орын
«Қол өнері шебері» қолданбалы шығармашылық ІІІ орын
«Көркем сөз шебері»номинациясы бойынша Жұбаныш Біләлі ІІ орын

«Елін сүйген ,Елі сүйген Елбасы» аудандық (сырттай) мәнерлеп оқу байқауында:
Шектібай Сұлтан ІІ дәрежелі диплом;
Насиполла Аяжан ІІІ дәрежелі диплом;
Оңболсын Ұлжан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жауқазын» балабақшасы  педагогтерінің жетістіктері:
Абилханова Айжан  «Үздік тәрбиеші-2016» аудандық байқауда Бас жүлде
Абилхасова Айжан  «Үздік тәрбиеші-2016» облыстық байқауда ІІІ орын

 


«Жауқазын» балабақшасының директоры                       М.Шырақбай

 

Категория: Біздің жетістіктер | Добавил: central689
Просмотров: 416 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0