Қоянның туған күні

Word форматында қарау

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Ақшұқыр ауылы

МКҚК «Жауқазын» балабақшасы

Тәрбиешісі

Калекенова Гулжанат Гизатуллина

 

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: Қоянның туған күні

Мақсаты: Жыл бойы өткенді қайталау

Жаңа технология: «Тәй-тәй» технологиясы арқылы

Көрнекі құралдар:

Қостілділік: Қоян-заяц, туған күні-день рождения

 

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың -әрекеті

 

Мотовациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Қайырлы таң тәрбиеші!

Қайырлы таң достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

Доброе утро,воспитатель!

Доброе утро,друзья!

Посматрите друг на друга,

Пожелайте всем добра

Балалар шаттық щеңберіне тұрып,қонақтармен амандасады.


 

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Ғажайып сәт:

Қолында сыйлығы бар қоян кіреді.

Қоян:Сәлеметсіңдер ме!

Тәрбиеші:Қоян тым көңілдісіңғой?

Қоян:Ия, балалар бүгін менің туған күнім,маған қасқыр сыйлық берді.

Тәрбиеші:Сыйлығыңды бізге көрсетесіңбе?қасқыр саған не сыйлады?

Қоян:Білмеймін,сыйлықты бірге ашып көрейікші.Ой,балалар мына қораптың ішінде дым жоққой?

Сонда мені қасқыр алдағаны ма?

Тәрбиеші:Қоян,ренжіме қораптың ішінде хат бар екен.Қане,ашып көрейік.Қасқыр саған тапсырмалар беріпті,сол тапсырмаларды орындасаң сыйлығыңды аласың депті.

Қоян:Ол қандай тапсырма?

Әр түрлі көптеген тапсырмалар екен.

Қоян:Балалар маған тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар қане ендеше қасқырдың тапсырмасын тез-тез орындау үшін орталықтарға бөлінейік.

Қайсы орталықта тапсырманы дұрыс әрі тез жауап берсе, сол балаларға жұлдызша ұсынып отыратын боламыз.

«Математика» орталығы

 

Балалар, қасқырдың тапсырмасын орындайық.

  1. Тапсырма:

«Сан қатары»

Балалар, қасқыр қоянның туған күніне сәбіз жинауға көмектесуін сұрапты.Қасқырға көмектесеміз бе?

Балаларға жеке карточкалар таратылып беріледі. 5санына қарай сәбізді жинап, тура және кері санап айтып береді.

1....4...3...5...2

5...2...1....4...3



 

Жарайсыңдар, балалала! Енді екінші тапсырмаға назар аударайық.

  1. Тапсырма

«Ғажайып пішіндер» деп аталады.

Мына суретте қояндарды өз үйшіктеріне орналастыру керек екен. Бұл жерде әр қоянды түсіне қарай және пішіндеріне қарай орналастырамыз.

Жарайсыңдар, балалар! Қасқыр сіздерге рахмет айтып жатыр.

  1. Тапсырма:

«Оңға және солға»деп аталады.

Қасқыр бізге мына қояндардың қайсысы оңға, қайсы солға қарай кетіп бара жатқанын көрсет деп тапсырыпты.

 

Сергіту сәті.

Слайд арқылы қимыл жасайды.

Тіл жаттығу

Қо-қо-қо-қоян

Ян-ян-ян-қоян.

Балалар енді

Жекеше, көпше түрде айтайық.

Қоян -қояндар

Көжек -көжектер

 
  1. Тапсырма: «Кішкентай көжектер»деп аталады.

Анасына апара жатқан көжектерді табайық.

  1. Тапсырма:

Ойын: «Қанша-сонша»

-Балалар қоян нешеу?

-Ал көжектер нешеу?

-Қоян көп пе, көжектер көп пе?

-Қоян үлкен бе, көжектер үлкен бе?

-Енді қоян мен көжектерді санайықшы?

-Балалар қанша қоян мен көжектер болса, сонша сәбіз береміз. Қанша сәбіз береміз?

 

Тапсырма: Қорытындылау. «Ғажайып қолшатыр»деп аталады.

Мана қолшатырда түсін, пішінін, үлкен -кішісін, санына қарай орындап, айтайық.



 

Логикалық сұрақтар.

1.Аспанда қанша күн бар?

2.Бағдаршамның неше түсі бар?

3.Қоянда неше құлақ бар?

 

Балалар келген қонаққа таңдана қарап амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қоянның тапсырмаларын орындауға көмектесетіндерін айтады.










 

Топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды

 

Балалар қуанады.

Иә, көмектесеміз.

 

Балалар жинаған сәбіздерін тура және кері санайды.

-1

-2

-3

-4

-5

-5 сәбіз

 

 

 

Қоянның түсін атап, пішініне қарай орналастырады.

Балалар пішіндерді атайды.

 

 

 

 

 

Балалар сол мен оң ұғымын еске түсіреді.

Қояндарды қызыға орналастырады.

 

Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен орындайды.

Тілдерін жаттықтырады.

Жекеше,көпше түрде атайды.

Тәрбиешімен бірге қайталайды.



 

Балалар тапсырманы орындайды. Кішкентай көжектерді санына қарай бөледі.




 

Балалар үлкен - кіші қояндарды тауып,көжектерді санайды,сонша сәбіз береді.







 

Қолшатырда түсін, пішінін, үлкен -кішісін, санына қарай орындап, айтады.

 

Балалар логикалық сұрақтарға жауап береді.



 

Рефлексивті коррекция

лаушы

Қоян: Жарайсыңдар, балалар! Сендерге көөөөп рахмет. Менің туған күнімнен шағын ғана естелікті сыйға тартамын. Енді қасқыр маған өз сыйлығын беретін болар, мен сендермен қоштасамын, сау болыңыздар!

-Балалар бүгін бізге қонаққа қандай аң келді?

-Хатта жазылған қандай тапсырмаларды орындадық?

-Біздер қоянның туған күніне не сыйға тарттық?

Балаларды мадақтау.

 

Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.Сау болыңыздар.

Қоянның сыйлығын қуана алады.

Қоянмен қоштасады.

 

 

 

 

Қоян келді.

Балалар орындаған тапсырмаларын айтады.

 

 

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Берілген тапсырмаларды нақты орындай біледі.

Меңгереді:Жыл бойы алған білімдерін меңгерді.

Дағдылану:Логикалық сұрақтарға оймен жауап беруді.





 

Категория: Сабақтар | Добавил: central689 (11.01.2018)
Просмотров: 438