«Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу»

Word форматында қарау

 

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Ақшұқыр ауылы

МКҚК «Жауқазын» балабақшасы

Тәрбиешісі

Ходжа-Ахмедова Нургуль Эбидаевн

Білім беру саласы: Таным

Тақырыбы: «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу»

Мақсаты: Әртүрлі заттарды санына, пішініне, түсіне қарай салыстырып, таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: әр балаға тапсырмалар, сурет-карточкалар, слайдпен жұмыс, әр түрлі пішіндер

 

Оқу- қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің оқу-қызметі

Балалардың оқу-қызметі

Мотивациялық

козғаушы

Жылулық сезім

Амансың ба, шұғылалы Көк аспан!

Амансың ба, мейірімді Жер ана!

Амансың ба, менің достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

 

Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қимыл қозғалыс арқылы қайталайды

Ұйымдаструшылық

кезеңі

Ғажайып сәт:

-Балалар бізге Дымбілмес қонаққа келіпті, неге келгенін сұрайық.

Дымбілмес:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • мен мектепке барып едім онда апайлар маған сұрақ қойып, түстерді, пішіндерді, жыл мезгілдерін сұрады. Ал мен дым білген жоқпын. Апай маған Дымбілмес сен «Жауқазын» балалабқшасына барып түстерді, пішіндерді үйреніп кел, мен сосын сені мектепке қабылдаймын деді. Сосын мен осы «Жауқазын» балабақашсына келіп отырмын. -Достар, сендер маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:

-Дымбілмес олай болса кел отыр біздің балаларымыздың тапсырмаларын мұқият тыңдап, көріп, біліп ал.

Дымбілмес:

-Иә жақсы

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше өтпек.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Жыл мезгілдерін атаңдар?

-Қазыр жылдың қай мезгілі?

-Дұрыс айтасыңдар!

-Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Әртүрлі заттар тобын салыстыру және теңеу»

 

Слайдпен жұмыс:

(М.Мантессори туралы түсінік беру)

 

Балаларға тапсырмаларды түсіндіру.

Балаларға тапсырмалар:

I-тапсырма:«Әртүрлі пішіндер»

II-тапсырма:«Жасанды балшықпен жұмыс»

III-тапсырма:«Түрлі-түсті көбелектер»

IV-тапсырма:«Өз орнын тап»

V-тапсырма:«Түстер арқылы зерттеу»

Дымбілмес:

-Ойй рахмет сіздерге балалар, мен сендерден көп нәрселер үйрендім, пішіндерді, түстерді, жыл мезгілдерін үйреніп алдым. Енді осы білген, көргендерімді мектептегі апайыма айтып берейін.

-Сау болыңдар балалар!

 

Сергіту сәті.

Слайдпен сергіту сәтін жасау.

 

-Балалар, кім тақпақ айтқысы келеді?

Балалардың тақпақтары:









 

Дидактикалық ойын:

«Ұшты-ұшты» ойыны.

Ойын шарты: ұшатын заттарды айтағанда балалар қанаттарын жаяды, ұшпайтын заттарды атағанда балалар қанаттарын төмен түсіреді




 

-Сәлеметсіз бе











 

-Иә, көмектесеміз









 

-Бір жылда төрт мезгіл бар.

-Күз,қыс, көктем,жаз

-Қазір жылдың көктем мезгілі

 

Балалар түсініп қарайды.








 

Балалар берілген тапсырманы орындайды.










 

-Сау болыңыз, Дымбілмес!

 

Балалар слайдқа қарап қимыл-қозғалыстар жасайды

 

Айназ:

Тәрбиеші біздің анамыз,

Анамызды сыйлаймыз.

Айтқан ақыл, білімін

Ықыласпен тыңдаймыз.

Диар:

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерге жол беріп,

Біз ақылды боламыз.

 

Балалар ойынды қызыға ойнайды

Рефлексті коррекциялаушы

Қорытындылау.

-Балалар, бүгін бізге кім келді?

-Дымбілмес ең алдымен қайда барды

-Біз бүгін нелер үйрендік?

 

-Дымбілмес келді

-мектепке барды

-пішіндерді, түстерді т.б.

 

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: заттарды бірінің үстіне бірін қою және жанастыру тәсілдері;

түсінеді: түстерді қалай дұрыс теңестіруге болатынын;

қолданады: дайын пішіндерді, түстерді, қыстырғыштарды дұрыс қолдана білу;


 

Категория: Сабақтар | Добавил: central689 (11.01.2018)
Просмотров: 1953